Қазақстандағы кино тарихы 1938 жылы шыққан алғашқы толықметражды «Амангелді» фильмінен басталды. Содан бері 90 жылдан астам уақыт ішінде қазақ кинематографиясы талай белесті бағындырды: ардагерлердің мұрасын сақтап қалды, өз мектебін қалыптастырды, жаңа есімдерді шығарды, халықаралық ынтымақтастықты дамытты және көрерменін ел ішінде ғана емес, шетелде де тапты.
Қазір қазақстандық фильмдер түрлі халықаралық марапаттарға ие болып жүр. Одан бөлек, Netflix пен Amazon секілді ірі платформаларға шығып жатыр. Бұл – қазақ киносы үшін үлкен мүмкіндік әрі үлкен сынақ. Себебі жаһандық деңгейде бәсекеге түсу сценарий мен режиссурадан бастап, түсірілім сапасына дейін талапты күшейтеді. Бірақ соның арқасында миллиондаған көрерменге тікелей жол ашылады.
Дегенмен қазақ киносының басты құндылығы өзгермейді: ол – шабыт беретін, рухани күш сыйлайтын және ұлттық мақтанышымызға айналған өнер. Классикалық мектеп өз дәстүрін жалғастырып жатса, жас режиссерлер мен актерлер кино тілін жаңартып, тың серпін қосып келеді.
Ұлттық кино – тек өткеннің естелігі мен әдемі эстетика ғана емес, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті өнім. Ендеше қазақ киносы болашақта да шабыттың, рухтың және мақтаныштың қайнары болып қала берсін!
Источник:
altainews.kz