«Қазақанимация» ШБ хронометражы 3 минуттан 7 минутқа дейінгі анимациялық жобаларды өндіру мақсатында өтінімдерді қабылдай бастады. Бұл – шығармашылық идеяңызды толыққанды мультфильмге айналдырудың таптырмас мүмкіндігі!
МАҢЫЗДЫ: Өтінімдер 16 наурыз бен 6 сәуір (қоса алғанда) аралығында қабылданады. Авторлар мен студияларға барлық қажетті материалдарды дайындап үлгеруі үшін өтінім беруге үш апта уақыт беріледі. Байқауға тәжірибелі командалар да (заңды тұлғалар), тәуелсіз авторлар да (жеке тұлғалар) қатыса алады.
БАЙҚАУ БАҒЫТТАРЫ:
Сериалдық жобалар - Ауқымды әлемдері мен жарқын кейіпкерлері бар жобаларға арналған. Болашақта толыққанды анимациялық сериалға айналу әлеуеті бар идеялар қарастырылады.
Қысқаметражды жобалар - Біртұтас туынды форматында жұмыс істейтін авторларға арналған. Мұнда жаңа визуалды стильдер, авторлық көзқарас пен бірегей сюжеттерге басымдық беріледі.
Студенттік жобалар - Бейіндік жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған арнайы санат. Ең алдымен идеяның шығармашылық әлеуеті мен көркемдік батылдығы бағаланады. Іріктеуден өтіп, өндіріске жіберілген барлық жобалар телеарналар мен стримингтік платформаларға шығуға, сондай-ақ халықаралық фестивальдерге қатысуға мүмкіндік алады.
ӨТІНІМ БЕРУ ТӘРТІБІ: Профильдегі сілтеме арқылы Google-форманы толтырыңыз.Сұрақтар бойынша: animation@kazakhfilm.kz