Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Франция елшісі «Қазақфильм» киностудиясына ресми сапармен келді

13.06.2025

Бүгін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге ресми сапармен келді.

Киностудияға келген дипломатиялық делегацияны киностудияның уақытша президенті Айдар Омаров қарсы алды. Кездесу барысында тараптар киноиндустрия саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Әсіресе бірлескен киножобаларды (копродукция) іске асыру, киноөнімдерді дистрибуциялау, француз фильмдерін қазақ тіліне және қазақстандық фильмдерді француз тіліне дубляждау мүмкіндіктері ерекше назарға алынды.

Айдар Омаров өз сөзінде Францияның әлемдік киноиндустрияда ерекше орын алатынын атап өтіп, француз кинематографистерімен ынтымақтастық орнату қазақстандық тарап үшін маңызды екенін айтты:
«Біз бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, кинофестивальдер мен ретроспективалық көрсетілімдерді ұйымдастыруға, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынасты тереңдетуге үлкен әлеует бар екенін көріп отырмыз».

Өз кезегінде Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мырза Сильван Гиоге мәдени байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдіріп, «Қазақфильм» киностудиясының кәсіби-техникалық базасының жоғары деңгейін атап өтті:
«Біздің мақсатымыз – жай ғана фильмдер алмасу емес, екі ел көрерменіне де қызықты ортақ туындылар дүниеге келетін шығармашылық орта қалыптастыру».

Сапар аясында делегацияға арнап киностудия бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Қонақтар түсірілім павильондарын, постпродакшн орталықтарын, көркемдік және костюмдік цехтарды, сондай-ақ қазіргі қазақстандық фильмдер өндіріліп жатқан архив пен өндірістік алаңдарды аралап көрді. Дипломатиялық миссия өкілдеріне киностудия тарихының қысқаша шежіресі мен ұлттық киноның «Алтын қорына» енген айтулы жобалар таныстырылды.
Франция елшісінің бұл сапары Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени диалогты нығайту жолында маңызды қадам болып, кинематография саласындағы бірлескен бастамаларды дамытуға тың серпін берді.


Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ