12–15 қазан аралығында Францияның Канн қаласында өткен MIPCOM 2026 халықаралық телевизиялық және аудиовизуалды контент нарығына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының өкілдері қатысты.
MIPCOM – әлемнің түкпір-түкпірінен киностудияларды, продюсерлік компанияларды, халықаралық дистрибьюторларды, телеарналар мен стримингтік платформаларды біріктіретін ірі халықаралық алаңдардың бірі.
Іс-шара аясында «Қазақфильм» өкілдері отандық кинематография туындыларын халықаралық кәсіби қауымдастыққа таныстырып, оларды шетелдік нарықтарға шығару және тарату мүмкіндіктерін талқылады.
Атап айтқанда, Warner Bros. (АҚШ), mk2 Films (Франция), Library Kingdom Cooperation (АҚШ), TRT және Kanal D International (Түркия), NHK (Жапония), сондай-ақ еуропалық RTL медиатобының өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізілді.
Келіссөздер барысында қазақстандық фильмдерді шетелдік телеарналар мен цифрлық платформаларда көрсету, фильмдердің көрсетілім құқықтарын сатып алу және сату, халықаралық дистрибуцияны дамыту және бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
«Қазақфильмнің» MIPCOM 2026 халықаралық нарығына қатысуы отандық фильмдерді әлемдік аудиторияға таныстыруға, халықаралық серіктестік байланыстарды нығайтуға және қазақстандық кинематографияның шетелдік нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етт