Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР


19.05.2026

«Алтын адам» анимациялық фильмі Hiroshima Animation Season 2026 конкурстық бағдарламасына іріктелді

«Қазақфильм» киностудиясы қуана хабарлайды: «Алтын адам» анимациялық фильмі ресми іріктеуден өтіп, енді Hiroshima Animation Season 2026 халықаралық фестивалінің конкурстық бағдарламасында ұсынылады.

Фестиваль 2026 жылдың 19-23 тамыз аралығында Жапонияның Хиросима қаласында өтеді. Hiroshima Animation Season 2026 — Жапониядағы екі жылда бір рет өтетін ең ірі анимациялық байқау. Бұл байқаудың ерекшелігі: Америкалық киноакадемия аккредиттеген (Oscar-qualifying) Жапониядағы жалғыз анимациялық фестиваль болуында.

Фестивальде Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріне ерекше назар аударылады. Бағдарламасына конкурстық көрсетілімдер, анимация өнерін дамытуға қосқан үлес үшін сыйлықтар, сондай-ақ анимация мен білімді біріктіретін білім беру платформасы кіреді. Жыл сайын фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен режиссерлер, продюсерлер мен анимациялық студиялар қатысады.

Осы фестивальге «Алтын адам» фильмінің іріктелуі — қазақстандық анимацияның халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндік, үлкен серпін болады деп сенеміз. Фильмді жарыққа шығару жолында еңбек еткен барша мамандарды, анимация ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Қоржын толыға берсін, конкурстық бағдарламаның алдағы жұмыстарына да сәттілік тілейміз!
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ