Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР



23.09.2026

Тарихтан заманауи форматқа: Алматыда «Қазақфильм» кинематографиялық паркі құрылады

Алматыда қазақстандық кинематографияның тарихы мен дамуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік құру жоспарлануда. Жоба аясында мәдени кеңістікті, демалыс аймақтарын және кино іс-шараларын өткізуге арналған алаңдарды біріктіретін «Қазақфильм» кинематографиялық паркін құру көзделген.
Болашақ кеңістіктің басты ерекшеліктерінің бірі – ашық аспан астындағы кинотеатр, яғни амфитеатр. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары отандық фильмдерді ашық аспан астында тамашалай алады.
Парк тұжырымдамасында қазақстандық кино тарихына арналған тақырыптық аймақтар, сондай-ақ заманауи мультимедиялық және интерактивті элементтер қарастырылған. Олар келушілерге отандық кинематографияның тарихымен, оның көрнекті өкілдерімен және қазақ киносының танымал туындыларымен заманауи әрі қолжетімді форматта танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аумақта серуендеуге арналған аллеялар, демалыс орындары және балалар алаңын орналастыру жоспарлануда. Парк отандық киноға арналған көрсетілімдер, шығармашылық кездесулер, мәдени іс-шаралар және басқа да тақырыптық шаралар өтетін жаңа алаңға айналуы мүмкін.
Мұндай кеңістіктің құрылуы отандық киноны Алматының мәдени өмірінің ажырамас әрі қолжетімді бөлігіне айналдыруға бағытталған жаңа қалалық мәдени ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» ұлттық кинематографиялық мұраны сақтау, насихаттау және оны заманауи форматта таныстыруға бағытталған жобаларды дамытуды жалғастыруда. Кинематографиялық парктің құрылуы осы бағыттағы жұмыстардың бірі болып, отандық кино тарихын, заманауи технологияларды және көрермендер үшін ашық мәдени кеңістікті бір арнада тоғыстырады.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ