Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР



24.09.2026

«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды

Режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскар-2027» сыйлығының «Үздік халықаралық толықметражды фильм» санатына ұсынылды.
Фильмді Қазақстан киноөнерінің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі ретінде атап өтуге болады.
«Әбіл» жобасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.
Фильмнің Қазақстан атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылуы – отандық кинематография үшін маңызды оқиға. Бұл қазақстандық киноның халықаралық аудиторияға жол ашып, еліміздің киноиндустриясын әлемдік деңгейде танытуына мүмкіндік береді.
«Оскар» сыйлығы әлемдегі ең беделді кинематографиялық марапаттардың бірі болып саналады. Қазақстандық фильмнің халықаралық киноқауымдастықтың назарына ұсынылуы отандық шығармашылық топ үшін де маңызды кезең болып отыр.
«Қазақфильм» киностудиясы «Әбіл» фильмінің шығармашылық тобына «Оскар-2027» жолында сәттілік тілейді!
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ