Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында әлеуметтік маңызы бар, драма және қылмыстық элементтері бар толықметражды «Бүркітші» фильмінің алғашқы сценарийлік оқылымы өтті.
Сценарий авторлары – Стаханов Қуаныш, Шарипов Ефрат
Қоюшы режиссері – Стаханов Қуаныш
Қоюшы операторы – Рамиль Изимов
Қоюшы-суретші – Нарбаев Бекен
Атқарушы продюсер – Дүйсембаева Мәдина
Бүркітші Талғат аңшылық кезінде жартастардың жанынан жоғары сынып оқушысының денесін тауып алады. Ол қаладан келген жас полиция қызметкері Әлияның көмегіне жүгініп, екеуі жұмбақ кісі өлтіру оқиғасын ашуға тырысады. Тергеу барысында бұл — елді мекенде жасөспірімдердің жоғалуы мен өліміне қатысты жалғыз оқиға емес екені анықталады. Іс насырға шауып, Талғат үшін жеке кекке айналады.
Кинотуындының жасалу барысы мен түсірілім алаңындағы қызықты сәттерді біздің ресми парақшаларымыздан бақылап отырыңыздар.
Бұл — үлкен жолдың басы ғана!
Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.