Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

Классикадан заманауи киноға дейін: Минскідегі Қазақстан киносының күндері




27.11.2026
2026 жылғы 25–27 қараша аралығында Минск қаласындағы «Победа» кинотеатрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған Қазақстан кино күндері өтті. Үш күн бойы Беларусь көрермендері еліміздің тарихын, мәдениетін және ұлттық кинематографияның сан алуандығын танытатын туындыларды тамашалады.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Мекешұлы Жақсылықов құттықтау сөзімен ашты. Дипломат өз сөзінде екі ел арасындағы достықты нығайтудағы мәдени байланыстардың маңызын атап өтіп, кино көрермендерге Қазақстанды, оның мәдениеті мен халқын жақынырақ тануға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Бағдарламаға алты фильм енді: «Паралимпиец», «Осенний бриз», «Сұлтан Бейбарыс», «Композитор», «Капитан Байтасов» және «38. Соңғы нүкте». Көрсетілімдерге барлық ниет білдірушілер қатыса алды.
Бағдарлама тарихи картиналардан бастап заманауи драмаларға дейінгі әртүрлі жанрлар мен кезеңдердегі қазақстандық кино туындыларын біріктірді. Кейіпкерлер тағдыры арқылы бұл фильмдер тарихи жады, рух беріктігі, махаббат, өз ісіне адалдық және өзгелер алдындағы жауапкершілік тақырыптарын қозғайды. Оқиға желісі мен көркемдік шешімдері әртүрлі болғанымен, туындылар түрлі елдердің көрермендеріне ортақ сезімдер мен құндылықтарды арқау етеді.
Іс-шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының цифрлық және пленкалық жобаларды үйлестіру бөлімінің кино және бейнематериалдарды цифрландыру жөніндегі жетекші маманы Айнұр Баймұрзина, «Осенний бриз» жобасының продюсері Тасболат Мерекенов, сондай-ақ «38. Соңғы нүкте» фильмінің актері Асылбек Әйтіш қатысты.
Көрсетілімдерді Минск тұрғындары, кинематографистер, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер тамашалады. Олар ұлттық кино туындылары арқылы Қазақстанның мәдениеті мен тарихын жақынырақ танып-білуге мүмкіндік алды.
Қазақстан киносының күндері Беларусь көрермендеріне отандық кинематографияның түрлі қырларымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл – экрандағы оқиғалар арқылы Қазақстанды жаңа қырынан танып, еліміздің тарихы, мәдени мұрасы мен халқы туралы тереңірек білуге жол ашатын мүмкіндік.
Минск қаласында Қазақстан киносы күндерінің өткізілуі Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени диалогтың жалғасы болды. Кино өнері екі халықтың бір-бірін тереңірек түсінуіне, ортақ тақырыптар табуына, тарихы мен дәстүрлеріне деген қызығушылығын сақтауға ықпал етеді.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ