Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР



28.09.2026

Бішкекте Қазақстан киносының күндері өтті

28-30 қыркүйек аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Қазақстан киносының күндері өтті. Мәдени іс-шара қазақстандық кинематографияны халықаралық деңгейде насихаттауға, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және кино саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Қазақстан киносы күндерінің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асхат Сыздықов пен Қырғыз Республикасының Кинематография департаментінің директоры Талантбек Төлөбеков құттықтау сөз сөйледі. Олар екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, кино өнерінің халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөліне тоқталды.
Іс-шараға Қазақстан Елшілігінің өкілдері, қырғызстандық көрермендер, қазақ диаспорасының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кино күндері аясында қазақстандық режиссерлер өз туындыларын көрермендерге таныстырды. Атап айтқанда, «Алтын Адам» анимациялық фильмінің режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы, сондай-ақ «Жабайы» көркем фильмінің режиссері Дамир Әбілханов арнайы қатысып, көрермендермен жүздесті.
Үш күнге созылған мәдени бағдарлама 28 қыркүйекте «Қайтадан» фильмінің көрсетілімімен ашылды. 29 қыркүйекте «Алтын Адам» анимациялық фильмі ұсынылса, 30 қыркүйекте «Жабайы» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.
Бішкекте ұйымдастырылған Қазақстан киносының күндері қырғызстандық көрермендерге заманауи қазақ киносының жаңа туындыларымен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар іс-шара Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени диалогты кеңейтуге және кинематография саласындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ