Қазақ киносы – Рим жүрегінде

28.11.2025

Италия Астанасы Римде өткен «Қазақ киносы күндері» .үлкен жетістікпен өтті.  Үш күн ішінде көрсетілімдерге 300 таяу көрермен қатысып, қазақстандық кинематографияға айрықша қызығушылық танытты.

Фестивальдың ашылуы 2025 жылдың 19 қарашасында, Минск қаласындағы орталық мәдени нүктелердің бірі – «Победа» кинотеатрында өтті. Үш күндік көрсетілім осы алаңда ұйымдастырылып, шара Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі мен «Қазақфильм» студиясының бірлескен еңбегімен іске асты.
Бағдарламаға мазмұны мен жанры әртүрлі үш толықметражды фильм енгізілді – тарихи өмірбаяннан бастап әскери драмаға, мегаполис хикаяларына дейін. Алғаш болып көрермен назарына «Қажымұқан» фильмі ұсынылды. Туынды қазақтың әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының балалық шағынан бастап әлемдік ареналардағы жеңістеріне дейінгі өмір жолын баяндайды. Фильм ұлттық рух, қайсарлық, табандылық сынды құндылықтарды терең ашады. Көрсетілімді 200-ден астам адам тамашалады, көрермен тарапынан тарихи мазмұнға үлкен қызығушылық байқалды.
20 қараша күні екінші көрсетілім өтті - әскери драма Время патриотов». Фильмді көрермендерге режиссер Серікбол Үтепбергенов өзі таныстырды. Туындында ел қауіпсіздігін қорғау жолындағы әскери қызметкерлердің тәуекелі мен парызы бейнеленеді. Оқиғадан кейін залда белсенді пікірталас жүріп, көрермендер дайындық процесі мен шынайы оқиғаларға қатысты сұрақтар қойды. Сеансқа 200 көрермен қатысты.
Фестивальдың соңғы күні - 26 қарашада, Алматы қаласының атмосферасын, сезімін және адам тағдырлары арқылы ашатын «Алматы, я люблю тебя» фильмі көрсетілді. Қысқа новеллалардан тұратын альманах көрерменге мегаполистің әуенін, динамикасын, қарапайым адамдардың өмірін жылы әрі шынайы жеткізді. Бұл көрсетілімді 150 адам тамашалап, фильмнің визуалды шешімдері мен эмоциялық әсеріне жоғары баға берді.
Үш күндік көрсетілімге қатысқан көрермендер саны 550 адамды құрады, бұл қазақстандық киноға деген қызығушылықтың айқын дәлелі.
Шара аясында «Қазақфильм» делегациясы Беларусьтің жетекші студиясы «Беларусьфильм» басшылығымен ресми кездесу өткізіп, өндірістік алаңдарға экскурсия жасады. Әңгіме барысында болашақ бірлескен жобаларға қатысты бағыттар белгіленді:
• бірлескен көркем фильмдер түсіру,
• реквизит сақтау және техникалық база бойынша тәжірибе алмасу,
• фестивальдік ынтымақтастық және өзара қатысу.
Минсктегі көрсетілімдер Қазақстан мәдениетінің халықаралық алаңдағы беделін күшейтіп, қазіргі қазақ киносына жаңа аудитория қалыптастырды. «Қазақстан киносы күндері» екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайтып, болашақ ортақ жобаларға жол ашты.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ