Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР



30.01.2026

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі 2026 жылға арналған пилоттық анимациялық жобалардың басым тақырыптарын жария етті

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК» АҚ қарасты «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі 2026 жылға арналған пилоттық анимациялық жобалардың басым тақырыптарын жариялайды. Студия батыл әрі тың идеялары бар, хронометражы 3-10 минут аралығындағы сериялы және қысқаметражды анимациялық жобаларды іздейді. Жобалар кең аудиторияға арналған және авторлық стилі айқын болуы тиіс. Тақырыптар тізімін жариялау авторларға студияның шығармашылық басым бағыттарын алдын ала білуге және өз идеяларын әзірлеу кезінде есепке алу мүмкіндігін береді. Іріктеу қорытындысы бойынша үздік жобалар өндіріске ұсынылады және анимациялық сериалға айналу мүмкіндігіне ие болады.
2026 жылға арналған тақырыптар тізімі:
1. Табиғатты қорғауда кішігірім әрекеттердің үлкен маңызы туралы оқиға.
2. Баланың (ұл/қыз) өз тазы итімен бірге бастан кешкен шытырман оқиғасы арқылы ұлттық дәстүрлер мен түп-тамырын тану жолы туралы оқиға.
3. Жарық, жылу және энергияны пайдалану кезіндегі жауапкершілік туралы оқиға.
4. Су тамшысының саяхаты және оның әлемдегі тіршілік үшін маңызы туралы оқиға.
5. Адал кейіпкердің жолы: кішігірім шешімдер адамның азамат болып қалыптасуына қалай әсер ететіні туралы оқиға.

Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ