Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша төмен бюджетті коммерциялық фильмдерді бірлесіп өндіруге серіктестерді іріктеу басталғанын хабарлайды.
Бастаманың мақсаты — отандық киноөндірістің нарықтық бағыттағы әлеуетін арттыру, шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру және жаңа продюсерлердің кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Іріктеуге төмендегі санаттағы жобалар қабылданады:
• дайындық кезеңіндегі;
• түсірілім кезеңіндегі;
• монтаждық-әрлеу кезеңіндегі жобалар.
Серіктестік шарты:
Жобалар тең үлеспен, яғни 50/50 қағидасы бойынша қаржыландырылады. Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 3–10 қазан аралығы. Өтінімдерді
https://forms.gle/uJUSrdt7MLk8KrKS9 сілтеме арқылы жолдауға болады.
«Қазақфильм» киностудиясы бұл бастама арқылы киноөндіріс саласында тиімді әріптестік орнатуға, заманауи форматтағы коммерциялық жобаларды қолдауға және қазақстандық киноның дамуына жаңа серпін беруге ниетті.