Киностудия туралы ∘
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алтын адам» мультфильмі 5 маусымнан бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды

04.06.2025

Қазақстандық анимация жаңа туындымен толықты: «Алтын адам» атты анимациялық фильмнің жабық көрсетілімі Астанадағы Kinopark Saryarka кинотеатрында өтті.

Сақ жауынгерінің Хан Тәңірі шыңына өмір отын іздеп шығуы туралы оқиға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді. Жобаның өндірісімен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы айналысты.
 
Фильмде тек сырт келбеті емес, кейіпкердің рухы мен жан-дүниесінің де «алтын» болуы керектігі туралы терең идея көрініс тапқан. Бұл – ұлттық болмысты, құндылықтарды және тарихи тұлғаларды дәріптеуге, қазақ тіліндегі сапалы контентті арттыруға бағытталған маңызды қадам.
 
Ұлттық кино орталығы басқарма төрағасының орынбасары Әділет Омаров көрсетілім барысында былай деді:
«Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығы бүгінде 117 киножобаға қолдау көрсетті. Оның ішінде 72 көркем фильм, 37 деректі және 8 анимациялық туынды бар. Бұл – ұлттық болмысты дәріптеп, жас ұрпақтың тарихи танымын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Сол жобалардың жарқын үлгісі ретінде бүгін көрсетілімге ұсынылған «Алтын адам» анимациялық фильмін атай аламыз. Шығармашылық топқа алғыс білдіреміз!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақ тілінде, ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесі өзекті болып қала бермек».
 
Фильмнің режиссерлері — Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы, сценарий авторлары — Әннас Бағдат пен Ұларбек Нұрғалым. Жоба жетекшісі Тұрдыбек Майдан өз сөзінде:
«Алтын адам» дегенде балалардың ойында «Ол қандай адам болды? Оны кім киді?» деген сұрақтар туады. Біз осы фильм арқылы сол сұрақтарға жауап бергіміз келді. Бұл тек алтын-күміспен қапталған адам емес, ол – жан-дүниесі мен рухы алтын адам. Бұл – фильмнің басты идеясы. Жобада 40-қа жуық анимация маманы еңбек етті», – деп атап өтті.
 
Алматыда өткен жабық көрсетілім де көрерменнің көңілінен шықты. Көрсетілімге көпбалалы аналар қорының қамқорлығындағы балалар, БАҚ өкілдері, дубляж актерлері мен шығармашылық топ мүшелері қатысты.
 
«Алтын адам» анимациялық фильмі еліміздің барлық кинотеатрларында 5 маусымнан бастап көрсетіле бастайды. Балалар мен ересектерге ортақ құндылықтар жайлы сыр шертетін бұл фильм – қазақстандық анимацияның жаңа белесі.
Сондай-ақ қараңыз
Новость 1
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 2
ТОЛЫҒЫРАҚ
Новость 3
01.01.2025
ТОЛЫҒЫРАҚ
01.01.2025
Новость 4
ТОЛЫҒЫРАҚ