Іс-шараға Алматы қаласындағы «Көпбалалы аналар» қорының қамқорлығындағы аналар мен балалар, БАҚ өкілдері, шығармашылық топ мүшелері, сонымен қатар кейіпкерлерді дыбыстаған актерлер қатысты. Фильм барлық көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, режиссерлер мен суретшілер еңбегі жоғары бағаланды.
«Алтын Адам» анимациялық фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Бұл жоба жас көрерменге арналған, тәрбиелік маңызы зор, отандық анимацияның маңызды туындысы болып табылады.
Анимациялық туындыда сақ жауынгерінің «Мәңгілік Отты» іздеу жолындағы шытырман оқиғалары баяндалады. Батырдың Хан Тәңірі шыңына жасаған саяхаты арқылы көрермендер көне сақ мәдениетімен, батырлық пен рухани құндылықтармен танысады.
Фильм 2025 жылғы 5 маусымнан бастап Қазақстан кинотеатрларында прокатқа шығады. Бұл көрсетілім арқылы жазғы маусымда KINOPARK & KINOPLEXX THEATRES желісіндегі отандық контентке қолдау білдіру көзделіп отыр.